$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қысқы жылыту маусымының тұрақты өтуі әр өңір әкімінің жеке бақылауында болуы тиіс – Смайылов

Ол халыққа нақты жағдай туралы ақпарат айту маңызды мәселе екенін айтты

Қысқы жылыту маусымының тұрақты өтуі әр өңір әкімінің жеке бақылауында болуы тиіс – Смайылов
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов жылу беру кезіндегі олқылықтар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Жалпы елімізде күн күрт суытып кетті. Осыған байланысты коммуналдық жүйелерге түсетін   жүктеме де арта түседі. Мұндай кезде жылу және энергия объектілерінде штаттан тыс жағдайлар   болатыны мәлім. Технологиялық ақауларға байланысты   инциденттер болып жатыр. Бірақ жылу беру   толықтай тоқтап қалған жоқ. Бұзылған учаскелерді нормативтік мерзімде қалпына келтіру бойынша   шұғыл шаралар қабылданды. Әкімдіктер тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйелердің жұмысын   ерекше бақылауда ұстауы қажет. Апат болған жағдайда барынша шұғыл әрекет етіп, тиісті шаралар қабылдау керек», - деді Смайылов.

Ол атағандай, халыққа нақты жағдай туралы, жөндеу жұмыстары мен жоспарлы жұмыстар туралы  дер кезінде, объективті әрі түсінікті ақпарат беру – маңызды мәселе.

«Әйтпесе өтірік ақпарат пен фейк тарап кетеді. Жалпы мына мәселелерге назар аударғым келеді. Энергетика, Өнеркәсіп министрліктері, өңір әкімдіктері мен энергия объектілерінің иелері барлық жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. «Қазақстан темір жолы» және «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниялары бірінші кезекте жылу станциялары мен қазандықтарға отынның уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет.Өңір әкімдіктері жылу объектілерінің иелерімен бірге   тұрақты жұмыс істейтін жөндеу бригадаларының болуын, шұғыл жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда қосалқы бөлшектердің әзір тұруын қамтамасыз етуі керек. Қысқы жылыту маусымының тұрақты өтуі әрбір өңір әкімінің жеке бақылауында болуы тиіс», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары