$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2023, 12:37
Қоғам

БҚО-да 158 млн теңге заңсыз субсидия алған кәсіпорын анықталды

Объектінің аумағында инвестициялық жобаға жатпайтын өзге де ғимараттар мен құрылыстар салынған

БҚО-да 158 млн теңге заңсыз субсидия алған кәсіпорын анықталды
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасымен тексеріс барысында ЖШС «Мясная Индустрия»-ға ірі қара малдарды бордақылау үшін 158 млн теңге заңсыз субсидия беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осылайша, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша негізсіз субсидиялау белгіленді, атап айтқанда серіктестіктің өтінімінде 5000 мал орындық бордақылау алаңын қабылдау туралы көрсетілген.

Алайда, сараптама қорытындысымен 4800 мал орны расталса өтінімде жұмыс жобасы болмаған, жобаның орнына өтінімге сметалық құжаттамасы бар сараптама қорытындысы қоса берілген.Объектінің аумағында инвестициялық жобаға жатпайтын өзге де ғимараттар мен құрылыстар салынған.

Сондай-ақ, Серіктестік сатып алған 853 асыл тұқымды бастың 536 Батыс Қазақстан облысынан тыс жерде екендігі анықталды (ірі қара малдар басқа қожалықтарға жалға берілген).

Аталған жәйт бойынша, аудан прокуратурасы БҚО ауылшаруашылық басқармасына ұсыну енгізді.Басқарма құны 77 млн теңге сомасына бордақылау алаңын салу шығындарын және 80 млн теңге сомасына асыл тұқымды мал сатып алуға негізсіз субсидия алғаны үшін сотқа талап берді.  Тек биылғы жылы соттың аппеляциялық сатысымен мемлекетке келтірілген шығын толығымен 158 млн теңге көлемінде өндірілді.

Серіктес жаңалықтары