ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде 120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Бір науқастың жағдайы ауыр

фото: ria.ru

Бұл туралы еліміздің Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

«Бүгінде 120 медицина қызметкері қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталды. Олардың 67-сі  коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген және диагнозы анықталған науқастармен тікелей жұмыс істеген. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. Сондай-ақ 9 қызметкердің жағдайы орташа деңгейде. Қалған 57 адамның жағдайы жеңіл және симптомсыз өтіп жатыр», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, вирус жұқтырған медициналық қызметкерлерге әлі төлем жүргізілмеген. Дегенмен, дәрігерлерде әлеуметтік төлем жүргізудің құқықтық-нормативтік құжатының жобасы жасалып қойған.

Естеріңізде болса, бұған дейінгі брифингтерде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев медицина қызметкерлері коронавирус  жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі берілетінін айтқан. Ал, медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде өтемақы беріледі.

Айта кету керек, бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індеттен 6 адам көз жұмды. 45 адам жазылып шықты.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады