Жүргізушілер әкімшілік қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды
Елордадағы рейд кезінде полицейлер Toyota Camry және Volkswagen Polo автокөліктерін тоқтатқан. Тексеру кезінде Volkswagen жүргізушісі автокөлікке басқа көліктің тіркеу нөмірлерін орнатса, Toyota автокөлігінің иесі нөмірлік белгіні өзгерткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Екі құқық бұзушы да ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3, 4-бөліктері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Жүргізушілер әкімшілік қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Олардың көліктері коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар Volkswagen Polo жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде сақтамайтыны анықталды, оның есебінде 20-дан астам жол қозғалысы бұзылғандығы да тіркелген», - делінген хабарламада.