$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2023, 10:35
Қоғам

Семейде кәсіпорынның 125 қызметкері 9 ай бойы жалақыларын ала алмай келген

Мәселеге прокуратура араласып, жұмысшылардың құқықтары қорғалды

Семейде кәсіпорынның 125 қызметкері 9 ай бойы жалақыларын ала алмай келген
Фото: freepik.com

Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семейдегі кәсіпорындардың бірінде 90 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.

«Облыс прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн теңгеден астам жалақы қарызы өтелді. Атап айтқанда, Еңбек Кодексінің талаптарын бұза отырып, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төленбеген.Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, бірқатар шаралар қабылдады», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары