$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2023, 12:51
Қоғам

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа инвесторы белгілі болды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мемлекет меншігіне қайтару келіссөздері аяқталды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа инвесторы белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстан үкіметі компанияны 286 млн долларға сатып алды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа инвестордың кім екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ешқандай да шетелдік инвестор қатыспайды. Кәсіпорынды қазақстандық инвестор иеленіп, басқаратын болады. Бұл ретте 3 жыл ішінде инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $3,5 млрд-ты құрайды және жақын арада кәсіпорынның операциялық жұмысын жақсартуда инвестициялар көлемі $1 млрд-тан асатын болады. Жаңа инвесторға келсек, ол Allur компаниялар тобы, Андрей Сергеевич Лаврентьев. Олар алдағы бір-екі күнде тікелей иелік етеді», - деді Шарлапаев.

Андрей Лаврентьев Алматыда дүниеге келген.  «Allur Group» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар. Компаниялар тобы Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстан аумағындағы ресми өндірушісі және дистриьюторы.

 

Серіктес жаңалықтары