$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Харассмент, бас бостандығынан айыру, сталкинг»: Қошанов әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жайлы айтты

Ол осы сала бойынша елдегі бастамаларға тоқталды

«Харассмент, бас бостандығынан айыру, сталкинг»: Қошанов әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жайлы айтты
Фото: Ақорда

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері әйелдері диалогының халықаралық конференциясында тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша елімізде жасалып жатқан бастамалар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Ерлан Қошанов конференцияға қатысып жатқан шетелдік делегацияларға Орталық Азия елдері әйелдері диалогына Қазақстан төрағалығының кезеңінде белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

«Өңірдегі гендерлік теңдік мәселелерін көтеріп жүрген БҰҰ-ның сараптамалық қоғамдастық пен азаматтық сектор өкілдеріне арнайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін біз Қазақстан төрағалық еткен диалог отырысының қорытындысын өткізіп жатырмыз. Жыл бойы қажетті деңгейде жұмыс істелді. Жоғары мінберлерден технологиялық инновацияны дамыту, жаһандық климаттың өзгеруі, әйелдердің рөлі мен жастар арасында экстремизм, тероризммен күрес сынды өзекті мәселелер айтылды», - деді  Қошанов.

Ол атағандай, отырыстың бүгінгі күн тәртібінде ешкімді бей-жай қалдырмайтын гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселесі талқыланбақ.

«Соңғы жылдары бұл мәселе тек біздің өңірде ғана емес жаһандық деңгейде кең ауқымға ие болып отыр. Бұл әлем бойынша жаһандық проблемаға айналды. БҰҰ мәліметі бойынша әлемдегі әр үшінші әйел физикалық немесе сексуалдық зорлыққа тап болған. Бұл қоғамдық проблемамен күрес үшін 155 елде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданды. Орталық Азия да тыс қалмады. Қазақстан адам құқығы мен әйелдер, гендерлік теңдік бойынша халықаралық келісімді ратификациялады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен заң бұзуға қатысты бірқатар заң қабылданды. Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді», - деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, бұл салада депутаттар заңның жаңа новеллаларын әзірлеп жатыр.

«Ең алдымен, біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандыруды жоспарлап отырмыз. Заң қабылданса, денсаулыққа орта және ауыр қылмыс істегендерді бас бостандығынан айыру ғана көзделеді. Бостандығын шектеу жазалуы толық алынып тасталады. Бұл жерде бізге Өзбекстанның тәжірибесі маңызды. Биыл Өзбекстан тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандырды. Сондай-ақ харассмент мәселесін енгізу де көзделіп отыр. Бұл тақырыпты соңғы кезде депутаттар белсенді түрде көтеріп, депутаттық сауалдарында айтып жүр. Қазір әйелдер «сталкингке», белсенді бақылауға ұшырап жүр. Бұл әрекет үшін көп елде қылмыстық жазалау көзделген. Біздің елдерге де осындай әрекет үшін жазаны күшейтуді қарастыруатын уақыт келді», - деді Қошанов.

Серіктес жаңалықтары