Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі күнделікті баға мониторингін жүргізетін болады
ҚР Сауда және интеграция министрлігі жыл соңына дейін С1 санатындағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша Қазақстан құс өсірушілер одағымен және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл келісім маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін болады.
«Жасалған меморандум аясында одақ пен қауымдастық отандық құс фабрикаларымен бірлесе отырып 1-санаттағы жұмыртқалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына мереке қарсаңында бағаның күрт және негізсіз өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі кәсіпорындарындағы сауда үстемесінің сақталу мәніне күнделікті баға мониторингін жүргізетін болады.