Нұр-Сұлтанда 44 бала стационарда карантинде  жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

 4 сәуірдегі жағдай бойынша қалада барлығы 202 науқас тіркелді

Соңғы тәулікте бұрын провизорлық стационарда тіркелген 3 тұлғаның індет жұқтырғаны анықталды. Олар бұрын карантинде болған. Бұл туралы елорданың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта коронавируспен емделіп жатқан науқастардың 5-уі тұрақты ауыр, 3 науқас жасанды вентиляциялық аппаратқа қосылған. Басқа науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Емдеу диагностиканың клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізілуде», - деді Қисықова.

Алдыңғы күнмен салыстырғанда астанада науқастардың өсімі 1,5 пайызды құрады. Жалпы, қалада 7 пациент індеттен емделіп шықты. Бір адам көз жұмды.