Ол министрлік қызметкерлері журналистердің адвокаты болуы керегін айтты
Қоғам қайраткері Әміржан Қосанов «Масс-медиа туралы» заң жобасының атауын «Сөз бостандығы туралы» деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл заң бір қызық жағдайда қалыптасып отыр, бірінші ескі тәртіптер болса, екіншісі 30 жыл бойы бір адамға табынған жүйеден әзер құтылған, еркіндікті, азаттықты аңсаған баспасөз құралын тек қана әкімнің немесе министрдің, премьер, президенттің емес – халықтың дауысы «осы менің шындығымды айтады» деген бір қоғам бар. Сол қоғамның алаңдаушылығын осы заң жобасы шеше алатын болса, бір-бірімізге алғыс айтуымыз керек. Сөз бостандығы дегенді 30 жыл бойы айта алмай келдік. Мүмкін, заңның атауын «Масс-медиа туралы» емес, «Сөз бостандығы туралы» деп атасақ. Ол журналистерге идеологиялық, психологиялық, моральдық күш береді», - деді Әміржан Қосанов.
Ол бірнеше бапты мысалға алды.
«7-бапта уәкілетті органнның құзыреті дұрыс айтылған. Бірақ біз «уәкілетті орган БАҚ пен журналистердің ақпаратты тарату жөніндегі конституциялық құқытықтарын қорғауды өз міндетіне алады» дегеннен қорқамыз. Неге министрлікті журналистерді реттеп, тежеп, топик жіберетін орган ретінде қарауымыз керек? Министрлік журналистерді қолдауы керек. Сотталып жатқан журналист болса, соның сотына бару керек. Экономика министрі бизнесті, экология министрі экологитарды қолдаған сияқты Ақпарат министрі, оның орынбасары, қызмектері журналистердің адвокаты болуы керек. Оны да заңға жазу керек», - деді Қосанов.
Еске салдсақ, жиын Қазақстанның медиа нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясы аясында ұйымдастырылды.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ