$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мусин Қазақстанның неліктен +997 телефон кодынан бас тартқанын түсіндірді

Код әзірге резервке қойылды

Мусин Қазақстанның неліктен +997 телефон кодынан бас тартқанын түсіндірді
© Sputnik / Владислав Воднев

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин +997 коды бізде резервте бар екенін айтты. Алайда +77 қалуға көпшіліктің шағымы әсер еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Министр Ресеймен арада мәміле барын атап өтіп, келешекте үкіметаралық сипатқа ие болатынын айтады.

«Біз +77-ні өзімізге қалдырып, мемлекетаралық деңгейде келісімшартта бекітетін боламыз. Яғни, азаматтарға ыңғайлы болсын дейміз. Жаңа кодқа ауысамыз десек, оған бір жыл ғана жетеді. Қиын шаруа емес. Бірақ 20 млн абонентіміздің басқа интернет-платформаларда тіркеген кодтарын жаңарту жұмысы қиындыққа туғызады. Сондықтан дүниежүзілік мекемеде +997 кодын өзімізге резервке қойдық. Бірақ +77-ні тәмамдап, өз кодымыз ретінде қалдыру үшін келісімшарт мәселелерін Ресейде талқылап, бір мәмілеге келдік. Қазіргі таңда мемлекетаралық тиісті процедуралар жүргізіліп жатыр», – дейді Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары