Ел тұрғындары бұл көрсеткішті жетістік деп есептейді
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл жаңалық ел тұрғындары үшін демографиялық дүмпуді сезгендей болды. Халық сүйіншілеп, бірін-бірі әлі құттықтап жатыр.
1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адам болса, осы аралықта ел тұрғындарының саны 22,3 пайызға өсіпті. Бұл - Тәуелсіздіктің жемісі!
Келесі жылдан бастап «Ұлттық қордан - балаларға» жобасы басталып, еліміздегі әрбір баланың есепшотына ақша аударылып отырады. Заңға Президент қол қойды. Қаржылай қолдау елдегі демографияның бұдан да жылдам өсуіне оң әсерін тигізеді деген пікірде ел тұрғындары.