$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2020, 15:37
Қоғам

Алматы сақтандыру жарнасын төлеу бойынша көш бастап тұр

2020 жылдың 31 наурызына дейін  қорға 298,1 млрд теңгеден астам қаржы түскен

Алматы сақтандыру жарнасын төлеу бойынша көш бастап тұр

Медициналық сақтандыру қорының мамандары Алматы қаласы бойынша осы күнге дейінгі жинақтардың көлемін айтты. Республикада  2020 жылдың 31 наурызына дейін  қорға 298,1 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Бұл туралы  бүгін арнайы брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы өкілдері хабарлады.

«Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр, жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астаналықтарға тиесілі. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта Алматы қаласынан қорға 60 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 54,7 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары», - деді филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сондай-ақ, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 10 мыңға жуық адам 40,1 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

 Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай жиынтық төлем 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге әлеуметтік төлемдерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 пайызын құрайды. 

БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2651 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1326 теңге көлемінде белгіленген. Төлемнің бұл түрін фрилансерлер, сантехниктер, құрылысшылар, такси жүргізушілері және өзге өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар төлей алады. 
 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #МӘМС