Шымкентте 4 сәуірден бастап карантин режимі енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Мегаполис ертең сағат 21:00-ден бастап карантинге жабылады

Фото: ашық дереккөзден

Карантин режимі аясында Шымкентте барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.  

«Саябақтарға, қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды, кафелер мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді. Қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді. Азық-түлік базарлары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды», - делінген хабарламада.

Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың саны бүгінде 11 адамға жетті.