Қыздың мінез-құлқы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады
Семейде жасөспірім 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада айтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Іздеуді жүзеге асырған полиция, жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Тек сағат 12:00-ге қарай тәртіп сақшылары қызды тапты.
«Қазіргі уақытта қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр. Қыздың мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады», - делінген хабарламада.