04.11.2023, 16:16
Қоғам
Елімізде пәтер бағасы қалай құбылып жатыр
Соңғы екі айда пәтер бағасында өзгеріс байқалмады
Еліміздегі екінші нарықта баспана бағасы бірқалыпты. Қазан айында бір шаршы метр үшін 369 мың теңге сұралды, бұл қыркүйектегі нәтижеге ұқсас, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Krisha.kz-тің аналитика қызметі берген мәлімет бойынша соңғы екі айда пәтер бағасында өзгеріс байқалмады. Ал қаңтар мен наурыз арасында сәл қымбаттағанмен, сәуір мен тамыз аралығында баға қайта түскен. Ал күзде мүлде тоқтап қалды.
Талдау нәтижелеріне сәйкес, Астана, Алматы және Шымкентті қоса алғанда 11 қалада кері динамика тіркелді.
Ең қымбат және арзан пәтерлер
Баспана қымбат тұратын 5 қала:
- Алматы — 707.8 мың;
- Астана — 473.2 мың;
- Шымкент — 419.4 мың;
- Атырау — 386.9 мың;
- Өскемен — 380 мың
Баспана арзан тұратын 5 қала
- Қызылорда — 236.7 мың;
- Ақтөбе — 286.6 мың;
- Тараз — 301.6 мың;
- Талдықорған — 304.1 мың;
- Көкшетау — 305.5 мың.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды