ҰҚК бірқатар операцияны іске асырып, 23 күдіктіні ұстады

Автор: Аманалина Тоғжан

Заңсыз айналымнан 300 кг-ға жуық есірткі және психотроптық заттар тәркіленді

Фото: gov.kz

2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.

Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды", - деп жазылған хабарламада. 

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.

Заңсыз айналымнан 300 кг-ға жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.