Арыста түнгі сағат 22:00-ден кейін қызмет көрсеткен кафе иесі жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖ кезінде Түркістан облысында 17 адам әкімшілік қамауға алынды

фото: polisia.kz

Арыс аудандық полиция бөлімшесі қызметкерлері коронавирустың таралуына жол бермей, қауіптің алдын алуға бағытталған рейд барысында бірнеше заң бұзушылық болғанын анықтады. Нақтырақ айтқанда, аудандық полицейлер туған күн, кішігірім басқосулар болатын кафе, барларды тексеріп, олқылықтарды байқады. Бұл туралы polisia.kz порталы хабарлады. 

Мәселен, Арыс қаласындағы белгілі сауда орталығында орналасқан кафе түнгі сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсеткені белгілі болды.​ Аталған жайтқа байланысты Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша хаттамалар толтырды.

​​​Президент қаулысымен 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілді. Осы орайда Түркістан облысының полицейлері күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп, өңірде төтенше жағдай режимін бұған 70-тен астам жағдайды анықтаған. Құқық бұзушыларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 17-сі әкімшілік қамауға алынған.

Еске сала кетейік, соңғы мәлімет бойынша Түркістан облысында 5 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.