ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Қызылорда қаласына кіреберіс жолдарға 4 тосқауыл бекеті қойылды

Қызылорда облысы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада үшінші орынға шықты

фото: facebook.com/qyzylorda.press/

Қызылорда қаласына кіре беріс жолдарға 4 тосқауыл бекеті қойылды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова журналистерге арналған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Қызылорда қаласына кіреберіс жолдарға 4 тосқауыл бекеті қойылды. 1-ші бекет «Шиелі-Қызылорда» автожолына, 2-ші бекет «Қызылорда-Жезқазған» жолына, Абай елді мекені тұсына, 3-ші бекет – «Қызылорда-Жалағаш» автожолына, Қараөзек елдімекені тұсына, 4-ші бекет Тұңғыш Президент атындағы саябақ маңына қойылады. Аудан орталығының кіріп-шығу жолдарына 4 тоқсауыл бекеті қойылды. Сонымен қатар, облыс шекарасында 2 бағыт бойынша 3 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істеп тұр», - деді Әбдіхалықова.

Облыс әкімінің айтуынша, тұрғындармен жүйелі байланыс орнатылған. Облыстағы мұқтаж жандарға азық-түлік, антисептикалық құралдар мен медициналық маска сынды әлеуметтік көмек беріліп жатыр.

«Облысымызда коронавирус инфекциясының алдын алу жұмыстары толықтай жүргізілуде. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 26 адамға жетті. Қызылорда қаласы бойынша – 6, Жаңақорғанда – 16, Қармақшыда – 2 және Шиеліде – 2 жағдай. Барлығы карантиндік стационарға алынды. Науқастармен байланыста болғандар да толық бақылауда. Облыс көлемінде әскери бөлім сарбаздарының көмегімен індет ошақтары дезинфекцияланып жатыр. Барлығыңызды санитарлық талаптарды сақтап, карантин режимін бұзбауға шақырамын», - деп мәлімдеді облыс әкімі.

Соңғы деректер бойынша, республика көлемінде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 402 адамға жетті. Ал, Қызылорда облысы бойынша инфекция жұқтырғандардың саны 25 адам деп көрсетілген.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Сұхбат