$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа Салық кодексінің саясаты қандай

Министр атағандай, азық-түлік тауарларын өндіру және қайта өңдеу үшін ҚҚС салудың тиімді жағдайлар жасалған

Жаңа Салық кодексінің саясаты қандай
Фото: freepik.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатында жаңа Салық кодексі жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстарына мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері белсенді қатыстындығын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда 1000-ға жуық ұсыныс түсті. Барлық мәселелер апта сайынғы кестеге сәйкес тұрақты жұмыс тобының қарауына шығарылады. Жыл басынан бері 230-дан астам жұмыс кездесуі өткізілді. Оларға бизнес-қоғамдастықтың 140-тан астам өкілі, салық салу саласындағы сарапшылар, экономистер қатысты, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері тартылды. Мен негізгі тәсілдерге қысқаша тоқталып, бүгінгі спикерлердің ұсыныстарына түсініктеме бергім келеді. Түсінікті және болжамды салық саясатын қалыптастыру үшін Салық саясатының тұжырымдамасында 2030 жылға дейінгі барлық жаңа тәсілдер мен жоспарланған өзгерістерді көрсету ұсынылады», - деді ол.

Министр атағандай, жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңды қабылдау ұсынылады.

«Өтпелі ережелер мен уақыт нормаларын қамтитын жеке енгізу туралы Заңның болуы заң техникасы бойынша көптеген сұрақтар туғызды. Сондай-ақ даулы мәселелерді бірыңғай түсіндіру үшін ҰЭМ жанындағы Әдістемелік кеңестің рөлін күшейту ұсынылады. ҚҚС базалық мөлшерлемесін 12% - дан 16% - ға дейін көтеру ұсынылады. Мөлшерлеменің өсуі - бұл бюджетке 2-2, 4 трлн теңге мөлшерінде қосымша түсімдер. Бұл Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттер көлемімен пара-пар. Қосымша кірістер бізге осы трансферттердің мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтеміз. Бұл өте маңызды міндет. Біз болашақ ұрпақ үшін Ұлттық қорды сақтауымыз керек.Сондай-ақ, негізгі экономикалық әріптестермен салыстырғанда ҚҚС төмен мөлшерлемесі осы елдерден Қазақстанға тауарлардың экспортын тиімді етеді. ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі, ең алдымен, импорттық тауарларға жүктемені арттырады», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда азық-түлік тауарларын өндіру және қайта өңдеу үшін қосымша құн салығын салудың тиімді жағдайлары жасалған.

«Сондай-ақ, бөлшек саудагерлер бөлшек салық режимін қолданады, онда ҚҚС-тан босату да қарастырылған. Бұл жеңілдіктер сақталады. КТС мөлшерлемесін саралау ұсынылады.Шикізат және қаржы секторлары, сондай-ақ ойын бизнесі салалары үшін КТС мөлшерлемесін 25-30% - ға дейін арттыру қарастыру ұсынылады. Сондай ақ, шығындарды ауыстыру мерзімдерін және талап қою ескіру мерзімін 5 жылға дейін теңестіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Шығындарды ауыстыру мерзімі салық төлеушінің өтініші бойынша 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, бұл ретте талап қою мерзімі осы мерзімге ұзартылады», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары