Қазақмыс кен орнында алты жұмысшы жарақат алды
Оқыс оқиға 24 қазанда болған
«Қазақмыс» кен орны «Жыланды» кенішінде 6 жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 24 қазанда болған.
«Жыланды» кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген еді. Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады», - делінген компания хабарламасында.
Алты қызметкер де Жезқазған қаласының медициналық орталығына жіберілді.
«Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде жатыр. Қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауыр. Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі», - деп хабарлады компания.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.