22.10.2023, 21:30
Қоғам
Премьер-лига: «Ордабасы» «Шахтерді» жеңіп, чемпион атанды
«Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті
Фото: dzen.ru
Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турында «Ордабасы» «Шахтерді» жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Биылғы біріншіліктің чемпиондық тағдыры «Ордабасы» (Шымкент) мен «Шахтёрдің» (Қарағанды) кездесуінде шешілді. Бұл ойында шымкенттік клуб кем дегенде тең түссе, бір тур бұрын чемпион атанатын еді.
Алғашқы минуттан шымкенттік клуб ойынды белсенді бастады. Нәтижесінде Айбар Жақсылықов – 4, Шахбоз Умаро – 12, Артем Беседин 27-минутта үш гол соғып үлгерді. Оған «Шахтёр» сапынан Темур Чогадзе 47-минутта бір голмен жауап қайырды. Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
01.11.2026, 16:06
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін жеті шарт қойды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды