«1700-ге жуық өтініш қабылданды»: Динара Зәкиева «111 – AMANAT»-ге келіп түскен қоңыраулар туралы

Azattyq Rýhy

533 адам психологиялық көмек алған

«1700-ге жуық өтініш қабылданды»: Динара Зәкиева «111 – AMANAT»-ге келіп түскен қоңыраулар туралы
Фото: ашық дереккөзден

«111 – AMANAT» мемлекеттік байланыс орталығы жұмысының алғашқы 4 күнінде алуан түрлі мәселеге байланысты 1688 өтініш қабылданды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қоңырау шалғандардың өтініші емдеу, білім беру, жәрдемақы, зорлық-зомбылық және қатыгездік, психолог пен заңгердің көмегі мәселелерін қатысты болды. 533 адам психологиялық көмек алған.

«Біз мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, телеарналармен бірлесіп ақпараттық жұмысты бастап кеттік және бәріңізді оған қосылуға шақырамыз.

Егер сіз қиын өмірлік жағдайға тап болған, әлеуметтік көмек пен мемлекеттің қолдауына мұқтаж отбасы, бала; зорлық-зомбылық, буллинг фактілері; баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туралы білсеңіз 111 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп жазды Зәкиева.

Жақын арада мектептер мен қоғамдық орындарға плакаттар мен баннерлер ілінеді.

Орталық мемлекеттік органдармен байланыста тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық өтініш құпия сақталады. Қоңырау шалу тегін. Көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.