«Құны 57 млн теңге»: елорда әуежайында контрабандалық тауар үшін пара бермек болған күдікті ұсталды
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы мониторингі агенттігі елордалық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңгені құрайды.
«Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген. Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.