19.10.2023, 21:46
Қоғам
Өз анасын өлтірген: БҚО-да 16 жастағы жасөспірім күдікке ілінді
Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды
Фото ашық дереккөзден
18 қазанда БҚО-да қайғылы оқиға орын алды. Полицияның дерегінше, 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер тек оның өлімін тіркегенін жеткізді.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Ауыл әкімдігі отбасының тыныш болғанын, ешбір адамы есепте тұрмағанын нақтылады.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды