«Психикалық зардап келтірген»: Астанада төрт экс-полицей азаптау фактісі бойынша сотталды

Azattyq Rýhy

Оларға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

«Психикалық зардап келтірген»: Астанада төрт экс-полицей азаптау фактісі бойынша сотталды

2023 жылғы 16 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаптау арқылы азапталушы адамдардан мәліметтер алу және мойындату фактісі бойынша экс полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтема жасап.

Елордалық бұрынғы тәртіп сақшылары полиция қызметкерлері бола отырып және мүліктік қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізумен айналыса отырып, алдын ала сөз байласып, ұялы телефондарды ұрлау туралы мәліметтерді немесе мойындау айғақтарын алу және қорқыту мақсатында, қалта ұрлығын жасады деп күдіктелген төрт адамға қатысты бірнеше рет күш қолдану арқылы психикалық зардап келтірген.

«Сотта прокурор айыпты қолдап, Т., Ә. және М.-ға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, әрқайсысын 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, ал Ж.-ға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер соттың қалауы бойынша заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады», - делінген хабарламада.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптамалардың, сот-психологиялық сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот Ә. мен Ж.-ға қатысты қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балаларының болуын таныды, Т. және М.-ға қатысты жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушылардың қабылдаған анттарын бұзуы, олардың жауаптылығын ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

«Сот үкімімен Т., Ә. және М. ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысын мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ж. ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

ҚК-нің 49-бабы 1-бөлігінің негізінде М. және Ж. «Полиция аға сержанты», Ә. және Т. «Полиция сержанты» арнайы атағынан айырылды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.