Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 340-қа жетті
Елімізде коронавирус індетінен жазылғандар саны 24-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«31 наурызда коронавирус індетінен Нұр-Сұлтан қаласынан 1 адам және Алматы қаласынан 1 адам емделіп шықты. Қазақстан бойынша жалпы жазылғандардың саны 24 адамға жетті», - делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше жазылған адамдардың 16-сы Нұр-Сұлтан, 8-і Алматы қаласында.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 340 адамға жетті.