Барлығы 3800 адамды табылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ел бойынша коронавирус инфекциясы ошақтарын оқшаулау бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндады. Оның сөзінше, 31 нысан қоршалған. Олар – тұрғын үйлер, жекелеген подъездер, жатақханалар.
«Ауру жұқтырған болуы мүмкін азаматтарды ауруханаға жеткізу бойынша да жұмыстар істеп жатырмыз. Денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша 3800 адамды таптық. 47 адамның мекен-жайы іздестірілуде», - деді Е.Тұрғымбаев.
Министр жағдайдың оңай емес екенін түсінетін уақыт жеткенін айтып, жұртты сабыр сақтауға, саналы әрекет етуге шақырды.
«Шектеу мен карантин жариялау – вирустың жаппай таралмауы үшін жасалған қадам. Қазір азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін алдыңғы шепте жүргендер – дәрігерлер, полицейлер және әскерилер. Бәріміз бір-бірімізді қолдап, әлемге төнген қауіппен бірге күресуіміз қажет», - деді ол.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан