СҚО-да коронавирус жұқтырған екінші адам – ауыл тұрғыны
40 жастағы науқас Келлеровка ауылының тұрғыны
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан екінші адам – Тайынша ауданына қарасты Келлеровка ауылының тұрғыны. Ол инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Коронавирусқа шалдыққан адам 40 жаста. Жедел-жәрдем қызметі сырқатты облыс орталығына жеткізген.
«Науқас жеке боксқа жатқызылды. Онымен байланыста болғандар оқшауланды. Қазір жағдайы жақсы. Дене қызуы қалыпты. Карантинге алынғандар денсаулығына байланысты шағым айтқан жоқ. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді. Талдау нәтижесінде екеуінің де инфекция жұқтырғаны расталды», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 44 адам провизорлық, 30 тұрғын карантиндік стационарда, ал 494 адам үй карантинінде жатыр.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО