Іле Алатау ұлттық паркінде орманшыға шабуыл жасалды: Алматы полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта бұл факт тексеріліп жатыр

Іле Алатау ұлттық паркінде орманшыға шабуыл жасалды: Алматы полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Іле Алатау ұлттық паркінің орманшысына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат таралған еді. Осы оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша Медеу аудандық полиция басқармасымен тіркеліп, тексеріліп жатыр. 

«Қазіргі уақытта осы қылмысты ашуға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 29 қыркүйекте Іле Алатау ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен орманшының әпкесі баяндаған. Оның айтуынша, оқыс оқиға 29 қыркүйекте Іле Алатау ұлттық паркінің аумағында болған.

«Төрт белгісіз адамның ұлттық парк аумағына заңсыз кіруіне жол бермеуге тырысқан Каменский орманшылығының Медеу филиалының инспекторы шабуылға тап болды. Қара түсті (Раптормен боялған) Toyota Land Cruiser көлігіндегі қаскөйлер «Мокрый ключ» шатқалына бару үшін жабық тұрған шлагбаумды тросттың көмегімен жұлып алуға тырысқан», делінген Іле Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.