Қарағанды облысында орманға біреулер құс қалдықтарын төгіп кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Заңсыз қоқыс төгілген жерге жақын маңда ірі құс фабрикасы орналасқан

Бейнеден кадр

Қарағанды облысының Үштөбе ауылы маңындағы орманға біреулер көп мөлшерде құс қалдықтарын, нақтырақ айтқанда тауық сүйектерін төгіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Экологтардың айтуынша, құс қалдықтары қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп жатыр.

Заңсыз қоқыс төгілген жерге жақын маңда ірі құс фабрикасы орналасқан. Қалдықтарға олардың қатысы бар-жоғын полиция анықтайды. Экология басқармасы кәнілілер анықталса, айыппұл арқалап, бүлдірген жерді тазалауға міндеттеледі дейді.

 «Әлі анықталған жоқ. Жұмыстар жүргізіліп жатыр департамент полициясы мамандарымен. Ұсталған жағдайда ҚР әкімшілік кодексінің 344-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әзірге жатыр, түк тазаланған жоқ. Анықталған жағдайда кім қоқысты тастады, сол кісі тазалайды», - деді облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары Айман Құлатаева.