$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қаржы пирамидасының белгілері бар»: Ақмола облысында «Eolus» компаниясының жұмысына тосқауыл қойылды

Аталған компания үш ай бойы салымшыларды тарту мақсатында өз қызметін жасаған

«Қаржы пирамидасының белгілері бар»: Ақмола облысында «Eolus» компаниясының жұмысына тосқауыл қойылды
Фото: ia-centr.ru

Қаржы пирамидасының белгілері бар «Eolus» инвестициялық жобаның бөлімшесінің қызметіне ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.   

Аталған компания үш ай бойы салымшыларды тарту мақсатында өз қызметін жасаған.

«Eolus» өзін шет елдерде орналасқан жаңартылатын энергия көздерін, жел электр генераторларын енгізумен айналысатын компания ретінде көрсеткен.

Бұл жобаны ұйымдастырушылар өз бизнесінің жоғары табыстылығы туралы презентациялар жасай отырып, азаматтарды салым сомасының 3% көлемінде пассивті күнделікті кіріс алуға уәде бере отырып, ақша салуға сендірді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары