Елімізде жүргізуші куәлігінсіз 6 мың жүргізуші көлік айдаған
Жалған нөмірмен жүрген 1,5 мың адам анықталды

Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев жол ережесін бұзғандармен күресу жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Елімізде 5,5 млн астам жол ережесін бұзғандар анықталды. 15 мыңға жуық «мас» жүргізуші ұсталды. Соттармен 9 мың жүргізуші басқару құқығынан айырылды. 15 мың адам әкімшілік қамауға алынды. 215 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Бұл жағдайға автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі және жүргізушілерді даярлау сапасы ықпал етті. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі емтихандарды қабылдау Ережелеріне түзетулер енгізді», - деді ол.
Қожаев атағандай, бұл процедура ашық жасалған.
«Енді емтихан тапсыру процесі онлайн трансляция арқылы бақыланады. «Автомектеп» ақпараттық жүйесінде білім алушыларды міндетті тіркеу нормасы енгізілді. Осылайша, тізімдерді түзету мүмкіндігі алынып тасталады. Енді түзетулердің екінші пакет әзірленді. Дайындық курстарын аяқтау туралы куәліктерді және медициналық анықтамаларды электрондық нысанға көшіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жүргізушілердің өзін-өзі даярлаудан бас тарту мәселесі пысықталып жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына цифрлық шешімдер енгізілуде», - деді ол.
Қожаев атағандай, өрескел құқық бұзушылармен де арнайы жұмыс жүргізіледі.
«Қорғау» бағдарламасын қолданамыз. Бұл жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол ережесін жүйелі түрде бұзатын және айыппұл төлемейтін автокөліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен жалған нөмірлерді қолданудың 1,5 мың дерегі анықталды. Жүргізуші куәлігінен айырылған 6 мың жүргізуші анықталды. 8,5 мың мемлекеттік нөмір тәркіленді, айыппұл тұрағына 29 мың автокөлік қамауға алынды. Өңірлердің әкімдеріне автоматты тіркеу камераларының, оның ішінде «Қорғау» жүйесіне қосылған камералардың желісін кеңейту ұсынылады», - деді ол.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ