Қырғызстан мемлекеттік туын өзгерткелі жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Парламентшілер тудағы сәулені толқынды емес, түзу етіп бейнелеуді ұсынды

Қырғызстан Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаттары Қырғызстан туындағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасап.

Заң жобасының бастамашылары – спикер Нұрлан Шакиев пен халық депутаты Ұлан Пірімов.

Олар «түңдік пен күн сәулесін визуалды қабылдауда қандай да бір дилемма бар» деп мәлімдеді.

Парламенттегілердің айтуынша, қазіргі тудағы сурет күнбағыс гүліне немесе киіз үйдің қыртысына ұқсайды.

Сондықтан парламентшілер сәулені толқынды емес, түзу етіп бейнелеуді ұсынды.