Астанада мектептің баспалдағынан құлап кеткен баланың әкесі ем-домды өтеуді талап етіп отыр
Дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайын орташа ауыр деп отыр
Астанада мектептің баспалдағынан құлап кеткен баланың әкесі баласының жағдайы қалыпты емес екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Астанадағы мектепте баспалдақтан абайсызда құлап кетіп, зардап шеккен оқушының ата-анасы мектеп басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғап, баланың ем-домын өтеуді талап етті.
«Ашық бас жарақаты. Мұрын сүйегі сынған. Бала демалғанда "миға ауа кіріп жатыр" дейді. Баланың денсаулығы қалыпты деп жазып жатыр. Ешқандай да қалыпты емес, Ота жасалмаған баланың денсаулығы қалай қалыпты болады? 50 пайыз көзі көрмейді. Екінші көзі минусқа кетіпті бүгін. Балам мүгедек болды. Кім жауап береді?», - деді жәбірленушінің әкесі Бекжан Қожамқұлов.
Дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайын орташа ауыр деп отыр. Ал «баланың көзі жартылай көрмей қалды» дегенді жоққа шығарды.
«Нақты ашық бас жарақаты, контизуолог фокусы маңдай бөлігінде. Маңдай сүйектерінің сызықты сынуы, орбиталық ұяның жоғарғы қабырғасының сынуы. Жалпы жағдайы түскен кезде ауыр болды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі жағдайы орташа, үлкен консилуим болды. Шешім қабылдадық, қазіргі уақытта ешқандай ота жасайтындай себеп жоқ», - дейді нейрохирург Серік Қизатуллин.
Еске салайық, бұған дейін Астананың №14 мектеп-гимназиясында жазатайым оқиға болғаны, оқушылардың бірі баспалдақтан құлағанын хабарлаған едік.
25 қыркүйекте Астананың білім басқармасы сыныптасы итеріп жіберген баланың баспалдақтан құлағанын растады.
Кейінірек мектеп директорының қызметінен белгілі болды.