Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды
Қазгидромет синоптиктері 26 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.
Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.