$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2023, 23:46
Қоғам

Қазақстанда сауда орындарындағы таразылар тексеріледі

Жаңашылдық ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қолданылмайды

Қазақстанда сауда орындарындағы таразылар тексеріледі

Бұдан былай Қазақстанның сауда нүктелеріндегі таразылар тексерілетін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі сауда-коммерциялық операциялар кезіндегі тауарлар салмағының өлшемдерімен толықтырылды.

Басқаша айтқанда, енді әрбір сауда объектісі елдің барлық облыстарында бар аккредиттелген (құзыреттілігін бағалаудан өткен) тексеру зертханаларының аттестатталған тексерушілерінің көмегімен таразыларын жыл сайынғы міндетті салыстырып тексеруден өткізуі тиіс.

«Егер бұрын салыстырып тексеру туралы талап тек сатылатын тауарлардың геометриялық параметрлерін өлшейтін өлшем құралдарына қатысты болса (ұзындығы және т.б.), енді таразылар да қосылды», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Салыстырып тексерудің мәні – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау. Ол үшін аттестатталған салыстырып тексеру әдістемесі пайдаланылады, бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып, нәтижесінде оң нәтижелері салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылады, ал теріс жағдайда өлшем құралының жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі.

Рәсімнің шығыны көп емес, сарапшылардың бағалауы бойынша нарықтағы орташа есеппен 5000 теңгеден сәл асады және арнайы гірлерді пайдалануды көздейді.

Өзгерістер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның қолданыстағы ережелеріне негізделген.

Заң талаптарын сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 419-бабында жеке (30 АЕК) және заңды тұлғаларға (230 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін) айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.

Жаңашылдық ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қолданылмайды деп қосты сауда министрлігі.

Серіктес жаңалықтары