Астанада оқушы баспалдақтан құлап кетті. Мектеп директоры қызметінен босатылды
Дәрігерлер болса, балаға хирургиялық емнің қажеті жоқ дейді
Астанада оқушы баспалдақтан құлаған №14 мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған оқушының баспалдақтан құлауы себеп болған. Әкесі Бекжан Қожамқұловтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.
Ал дәрігерлер болса балаға хирургиялық емнің қажеті жоқ дейді. Ал Астана қаласы білім басқармасының айтуынша, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ мектеп басшысы қызметінен босады.
«Сарыарқа аудандық полиция басқармасында 19 қыркүйекте осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды №14 мектеп-гимназиясының директорлары оқиғаға байланысты қызметінен босатылды», - дейді ведомство.