25.09.2023, 20:33
Қоғам
Сәкен Бибосынов Азия ойындарын жарқын жеңіспен бастады
Бибосынов келесі кездесуін 28 қыркүйек күні Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді
Әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ханчжоудағы Азия ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде моңғол боксшысы Унуболд Орхонтунгалагты жеңді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сәкен жекпе-жекті толық өз бақылауында өткізді. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ қимылдады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды.
Бибосынов келесі кездесуін 28 қыркүйек күні Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді. Өзбек боксшысы алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея елінен келген спортшыдан басым болды.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды