$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2023, 05:38
Қоғам

Атырау тұрғыны полицейге заңсыз сыйақы бергені үшін жауапкершілікке тартылды

Енді қала тұрғыны 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді

Атырау тұрғыны полицейге заңсыз сыйақы бергені үшін жауапкершілікке тартылды
Фото ашық дереккөзден

Атырау қаласының тұрғыны заңсыз сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасының қызметкері облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне шағымданған. Оның жеке есепшотына белгісіз адамнан 5 мың теңге көлемінде ақша түскен. Белгілі болғанындай, қала тұрғыны ұлына қатысты қылмыстық істі жедел жүргізгені үшін тергеушіге сыйақы беріпті. Енді қала тұрғыны 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

 «Жыл басынан бері департаментпен бүгінге дейін 6 әкімшілік іс қозғалды. Олардың біреуі – 660-баппен, 5-еуі 676-баппен. Осындай фактілер бүгінге дейін тыйылмай отыр. 2 АЕК-тен төмен мөлшерде сыйлықтар болған кезде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айтып өту керек», - дейді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Жәнібек Қаражанов.

Серіктес жаңалықтары