Алматы облысында ауыл мектебінің автобусы батпаққа батып қалды

Azattyq Rýhy

Жақында ол жерде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілген

Алматы облысында ауыл мектебінің автобусы батпаққа батып қалды
Бейнеден кадр

Алматы облысының Қызылту ауылында балалар таситын автобус батпаққа батып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш оқиғаға байланысты Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі түсінік берді.

Ведомство мәліметінше, жақында Қызылту ауылының Көкжиек көшесінде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілген.

«Осыған байланысты 20 қыркүйек күні мектеп автобусы батпаққа батып қалған. Көше негізінен қиыршық тастан тұрады. Қазіргі таңда жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін қосымша балласт пен құм-қиыршықтас қоспасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселе бақылауда», - деп хабарлады аудандық бөлімнен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.