$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мүгедектер мен жетімдерге жалға берілген пәтерлер сатылуы мүмкін

Заң жобасы қаралып жатыр

Мүгедектер мен жетімдерге жалға берілген пәтерлер сатылуы мүмкін

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков Жалға берілетін пәтерлер жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Брифингте журналист «Бұған дейін бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жалға берілген 36 мың пәтер тозып жатқанын айтқан еді. Енді бұл үйлер жекешелендірілуі мүмкін бе? Себебі, Мәжілістегі заң жобасы аясында осы сұрақ қаралып жатыр деген ақпарат бар» деген сауал жолдады.

Бұл сұраққа Бақытжан Жүнісбеков жауап берді.

«Несиелік тұрғын үйді қаржыландыру тоқтатылып, жалға беру пәтерін сатып алуға көшеміз деп жоспарланған еді. Алайда бұл жалға беру тұрғын үйін жалға алушылардың сатып алуына қатысты тетіктер қарастырылады»,- деді ол.

Өз кезегінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қала құрылысы және тұрғын үй коммуналдық саясаты департаменті Құрылыс саласын дамыту басқармасының басшысы Ерлан Құлышев осыған қатысты заң жобасы қаралып жатқанын айтты.

«Қазір заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Әлі шешім қабылданған жоқ. Көреміз қарастырамыз. Заң жобасы қаралып жатыр. Белгіленген уақыты бар. Мәселе қаралып жатыр. Оны нақты білеміз. Бұл өзекті мәселе. Жұмыс топтарына үнемі қатысып жүрміз. Мәселе 1 жылдың ішінде шешілуі мүмкін»,- деді Құлышев.

Серіктес жаңалықтары