Ақмола облысында Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 5 жылға сотталды

Azattyq Rýhy

Қаржы пирамидасына 39 млн теңгеден астам сомаға 40 азамат қаражат құйған

Ақмола облысында Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 5 жылға сотталды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Ақмола облысының екі тұрғыны Көкшетау қаласында «қаржы пирамидасының» кеңсесін ұйымдастырып, басқарып отырған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде, 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы сәуір аралығында «қаржы пирамидасына» 39 млн теңгеден астам сомаға 40 азаматтың ақшалай қаражаты тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде үлкен табыс, саяхат жасау және автокөлік сатып алу туралы ақпаратты белсенді түрде жарнамалаған, презентациялар, тренингтер өткізіп, азаматтарды компанияға тартқан. Олар азық-түлік, тауарлар, саяхатшы карталарын сатумен айналысып, азаматтарға тіркелгені үшін ақшалай төлемдер түрінде бонустар ұсынған. Азаматтардың заңды және қаржылық сауатсыздығын, оңай ақша табу ниеттерін пайдаланып, қарыз, несие алуға итермелеген.

«А.» мен «К.»-нің кінәсі: жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен; сотталушылардың тұрғылықты жерін, кеңсесін тінту және тексеру кезінде алынған құжаттар мен заттармен; банк құжаттарымен, ақша қаражатының қозғалысы туралы мәліметтермен; сотталушылардың жәбірленушілермен бетпе-бет ставкаларының хаттамаларымен; телефонда сөйлесулерінің стенограммаларымен және істің басқа да материалдарымен расталды», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен кінәлілер ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.