«Алаш зиялыларының рухы жерге түсіп жатыр»: Жанат Бақытқа қатысты сот үкімі шықты

Аягөз Құрмаш

Журналист айыппұл төлейтін болды

«Алаш зиялыларының рухы жерге түсіп жатыр»: Жанат Бақытқа қатысты сот үкімі шықты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Танымал журналист Жанат Бақытқа әлеуметтік парақшаларында Ислам дінін ұстанатындардың діни сенімін қорлағаны бойынша тұрғын арыз жазған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Атырау облысы дін істері басқармасына қала тұрғынынан арыз келіп түскен.

«Арызда әлеуметтік желіде танымал журналист желідегі парақшалары арқылы ислам дініне тіл тигізіп, барша мұсылмандардың, соның ішінде жеке діни сезіміне қорлық жасалғанын көрсеткен. Осы ретте басқарма тарапынан Instagram әлеуметтік желісіндегі Zhanat Baqyt және zhan_zhihany парақшалары Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жасауға жолдаған болатын. Сараптама қортындысы негізінде бұл парақшаларда шынымен ислам сенімін ұстанатын азаматтардың діни сенімін қорлауға және өз кезегінде қоғамда түрлі діни талас-тартысқа себеп болатын ақпараттар жарияланғаны анықталды. Қазір Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен парақшалардың иесі кінәлі деп танылып, айыппұл салынғанын хабарлаймыз», –  деді Атырау облыстық  дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев.

Жанат Бақытқа 50 АЕК, яғни 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Атырау облысы Дін істері басқармасы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 3-бабы 5 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқығының бұзылуына немесе олардың діни сезімін қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейтінін ескертті.

Тақырыпқа орай: Секта, сандырақ және Алаш зиялылары: қоғам Жанат Бақыттың әрекетін сынға алып жатыр

Еске салсақ, былтыр журналист «Кенесарының басы табылған кезде қазақ оянады», «Портал ашылды», «Алланы босатыңдар, орнына Жаратушы келді», «Алаш зиялыларының рухы Жерге түсіп жатыр» деген мәлімдемелер жасаған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.