Сатушы әйелді ұрып, дүкенін тонап кеткен шымкенттік көңіл көтеру орнынан ұсталды

Azattyq Rýhy

Белгілі болғандай, Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны тапқан олжасын бірден көңіл көтеруге жұмсаған

Сатушы әйелді ұрып, дүкенін тонап кеткен шымкенттік көңіл көтеру орнынан ұсталды

Бас киімін төмен түсіріп киген күдікті түн ортасында азық-түлік дүкеніне сатып алушының кейпінде кірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сауда нүктесінде сатушының жалғыз екеніне көз жеткізгеннен кейін ер адам оған шабуыл жасаған.

Әйелді жерге құлатып, бірнеше рет соққыға жыққан соң кассадағы 50 мың теңгені алып, қашып кеткен.

Жәбірленуші бұл туралы полицияға хабарлады. Оқиға орнына дереу әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы барды.

Қызметкерлер куәгер болуы мүмкін азаматтармен сөйлесіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерген соң күдіктінің жүрген жерін анықтады. Нәтижесінде, ер адам «ізін суытпай» бірнеше сағаттың ішінде тамақтану мекемесінде ұсталды. Белгілі болғандай, Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны тапқан олжасын бірден көңіл көтеруге жұмсаған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.