14.09.2023, 09:49
Қоғам
Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеген
Прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты
belmarket.by
Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бас прокуратура дерегінше, былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс саны 116 101-ден 98 454-ке дейін азайған. Оның ішінде :
- 4,1%-ға (1 693 - 1 624) – аса ауыр қылмыстар;
- 16,5%- ға (31 128 - 25 990) – ауыр қылмыстар;
- 17,9%-ға (49 762 - 40 857) – ауырлығы орташа қылмыстар;
- 9,8%-ға (17 514 - 15 793) – онша ауыр емес қылмыстар.
Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты. Сондай-ақ прокурорлар 671 адамды қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатты.
«Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 14%-ға қысқарды, 9 тұлға прокурорлар актісімен ақталды», - делінген ведомство келтірген статистикада.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды