$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2023, 18:48
Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Президент Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беріп отырғанын айтты
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Ақордада отандық бизнес өкілдерімен алқалы жиын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Себебі, бизнес саласы – ұлттық экономиканың негізгі тірегінің бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беріп отыр.

«Біз қазір Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық моделін қалыптастыруға кірістік. Бұл – баршамызға ортақ жұмыс, ең алдымен, еліміздің келешегі үшін өте маңызды қадам. Осы жұмысқа кәсіпкерлеріміз белсене атсалысуы қажет. Сондықтан, біз бүгін бизнес саласында қордаланған мәселелерді талқылаймыз. Алдағы міндеттерді айқындап алуымыз керек», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Жолдауда елімізді одан әрі дамытуға арналған тың тәсілдерге тоқталды.

«Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен, кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары