ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Дайын құжаттар беру терезесі әр қалада тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма

30 наурыздан бастап әр қалада бір-бір ХҚО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақстандықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. Бұл туралы Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады», делінген ақпарда.

Бірнеше мамандандырылған ХҚО-сы бар қалаларда (Алматы, Шымкент) құжаттарды беру бойынша бір мамандандырылған ХҚО белгіленген.Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 400-ге жуық қызметкері тартылған.

«Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекцияқұралдарымен жабдықталған. 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы. Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz», деп ескертеді корпорация.

Айта кетейік, 21 наурызға дейін халыққа қызмет көрсетуорталықтарына өтініш тапсырған азаматтар дайын нәтижелерін 29 наурызға дейін алғаш жүгінген ХҚО-дан ала алады.

Тегтер: