$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында «AMANAT» депутаты өз қаражатына спорт алаңын жөндеп берді

Спорт алаңын жаңғыртуға 2 млн теңге қаражат кеткен

Қызылорда облысында «AMANAT» депутаты өз қаражатына спорт алаңын жөндеп берді

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Райымбек Бөлебаев спорт алаңын өз қаражаты есебінен жөндеп берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бастама 2022 жылы «Жастар керуені» жобасы аясында басталады. Былтыр депутат Бозкөл ауылының жастарымен кездесу барысында тұрғындар одан ауыл ішіндегі тозығы жеткен спорт алаңын жаңартып беруді сұраған.

Өтініштің мән-жайымен толық танысқан аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев спорт алаңын жаңартып берді.

«AMANAT» партиясының «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында 2013 жылы пайдалануға берілген спорт алаңын жөндеп беруге септігімізді тигіздік. Тозығы жеткен ашық спорт алаңын жаңғыртуға 2 млн теңге жұмсалды. Жаңа нысан «Бозкөл ауылы күні» қарсаңында халық игілігіне пайдалануға берілді. Халықтың көңілінен шықты. Енді балалар шынығатын, футбол ойнайтын алаңдары бар», - деді депутат.

Өз кезегінде бозкөлдік жастар спорт нысанын жаңғыртып, бұйымтайларын орындаған Райымбек Болатбекұлына ауыл тұрғындары атынан шынайы алғыстарын білдірді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары