«Парламенттің қарауынсыз жұмсалады»: Аймағамбетов Үкімет резервіне бөлінетін қыруар қаржы жайлы

Azattyq Rýhy

Ол резервтегі ақша қандай есеппен бөлінетіні алдын ала есептелмейтінін айтты

«Парламенттің қарауынсыз жұмсалады»: Аймағамбетов Үкімет резервіне бөлінетін қыруар қаржы жайлы
Фото: ашық дереккөзден

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Келесі жылы Үкімет резерві 417 млрд теңгеге ұлғайып отыр. Былай қарағанда жарты трлн-ға жуық қаражат Парламентпен ақылдаспай, Парламенттің қарауынсыз жұмсалатын қаражат. 200 млрд теңгенің өзінде депутаттар талай сын-пікірлерін білдірген болатын. Енді бұл сома екі есеге көбейіп жатыр. Неге бұл қаражатты алдын ала қарастыруға болмайды. Жоспарланған шығындарды есептеп тиісті әкімшілерге беруге болмайтыны түсініксіз. Кесте бойынша келесі жылы 417 млрд теңге, 2025 жылы 344 млрд теңгеге түседі, 2026 жылы 722 млрд теңгеге көтеріледі. Ешқандай логика жоқ. Төтенше жағдай көбейеді депсіздер, олар неге көбейеді, қалай есептеледі, логика жоқ», - деді Аймағамбетов.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.